Алматыда карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулы жарияланды
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин режимін күшейтуге бағытталған жаңа қаулыны жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. Қаулыға сәйкес, екiншi семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттерiн ерiктi негiзде құрамдастырып оқыту туралы шешім қабылданған. Бұл ретте күшейтiлген санитариялық-дезинфекциялық және бетперде режимiн, әлеуметтiк қашықтық сақталуы керек. Сондай-ақ І курс студенттеріне жатақханада тұруға рұқсат берілген. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң: 1-ден 5-ке дейiнгi (халықаралық мектептерде 7-ші сыныпқа дейін), 9,11 (12) - сыныптарының оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттерiн тамақтандыруды ұйымдастыру міндеті жүктелген.