Алматыда карантин режимін бұзған 24 нысан анықталды

Алматының мониторинг топтары карантин шараларының сақталуы бойынша күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Алматы, NEGE. Бұл туралы мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жедел штаб отырысында атап өтті.  Оның айтуынша, 4-10 қазан аралығында Алматы қаласы бойынша мониторинг топтары карантиндік шаралардың сақталуын бақылау мақсатында 195 нысанға тексеру жүргізді. Ережені бұзған 24 нысан анықталды. Нәтижиесінде 106 хаттама толтырылды, оның ішінде заңды тұлғаларға 7 млн теңгеден астам сомаға 21 хаттама жасалды. Маска режимін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға қатысты 3,7 млн теңгеге 85 хаттама толтырылды. Ashyq жобасы бойынша биылғы жылдың 29 қыркүйегі мен 5 қазаны аралығында жобаға қатысатын объектілердегі 171 келушіде «қызыл» мәртебе, «сары» – 37 адамнан расталды. 4-8 қазан аралығында «қызыл» мәртебесі бар 114 жеке тұлғаға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады