Алматыда қаралы қауым Мирболат Құрмашевті ақтық сапарға шығарып салды

12 ақпанда Алматыда қаралы қауым Түркиядағы зілзала кезінде қаза тапқан отандасымыз Мирболат Құрмашевті ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Мирболат Құрмашевтің жаназасы Алматыдағы Райымбек батыр мешітінде оқылды. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне туған-туыстары, жақындары, бірге оқып, қызмет еткен достары, әріптестері келді. Оның арасында Мирболаттың курстас-досы - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин де болды.

Марқұмның артында әйелі және екі баласы қалды. 

Мирболат Құрмашев қазақ-түрік лицейінде, кейін SDU халықаралық университетінде оқыған. Еліміздің ІТ саласында қызмет етіп, электронды үкімет "құрылысына" да ат салысқан. Соңғы жылдары кәсіпкерлікке бет бұрған.

Айта кетсек, ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркияда қаза тапқан қазақстандық азаматтар - Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің мәйіттері елге жеткізілгенін хабарлаған болатын.