Алматыда қар жауады

Синоптиктер Алматының 18-20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы. NEGE. Бұл туралы zakon.kz хабарлады. 18 қаңтар күні көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең қар аралас жаңбыр жауады. Жел екпені - 2-7 м/с, түнде ауа температурасы 0...-2°C көрсетеді, ал күндіз 3... 5°C жылы болады.

19 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр, қар жауады. Ауа температурасы түнде 0°C, күндіз 4... 6°C болады.

20 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде 0°C, күндіз 2... 4°C жылы.