Алматыда қар тазалауға 1500 жұмысшы тартылды

Алматыда таңнан бастап толассыз жауған қар 5-6 см, таулы аймақтарда 20 см-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтардың кіреберістеріне, тау бөктері мен таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы материал себіліп, қар тазаланды. Көктайғаққа қарсы 2350 тонна материал пайдаланылды. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, жер үсті өткелдерін және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таңертеңгі қар тазалауға 552 арнайы техника, оның ішінде 178 құмлақтырғыш пен 1134 жұмысшы жұмылдырылған. Түнгі уақытта 509 арнайы техника, оның ішінде 171 құмлақтырғыш, сондай-ақ 400-ге жуық жұмысшы шығады деп көзделіп отыр. Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған. Қазгидрометтің болжамы бойынша, 17 наурызға дейін ауық-ауық жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтілуде.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті