26 марта 2023 г. 17:49
Алматыда қар көшкіні жүруі мүмкін
Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейнінде қардың еруіне байланысты көшкін жүруі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сондықтан құтқарушылар тұрғындарға алдағы 3 күнде аса сақ болып, қауіпсіздік ережелерін естен шығармау қажеттігін ескертуде. Жалпы Оңтүстік шаһарда жыл басынан бері 60-тан астам қар көшкіні болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.