Алматыда қар көшкіні жүру қаупі бар
Алматыда қар көшкіні қаупіне байланысты тау бөктеріне шығуға тыйым салынды.
Алматы, NEGE. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, күн күрт жылынып, жауын-шашынның жиілеуі мен қар жамылғысының тұрақсыздығына қарай, Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 2-4 сәуір аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар.
«Көшкін жүру қаупіне байланысты қарлы тік жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар», - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, қала тұрғындарын көшкін қаупі туралы хабардар ету бірнеше жолмен жүргізіледі: SMS хабарламалар, БАҚ, сондай-ақ магистральдық жолдар бойындағы 65 ірі медиабордтпен біріктірілген «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы.