Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін

Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 Алматы, NEGE. Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 28-30 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

«Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға болмайды.Тауда абай болыңыздар» делінген ведомстваның хабарламасында. Бұған дейін, Қазгидромет 28 наурыз күнгі ауа райы болжамын жариялаған болатын. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыс пен орталықта бұрқасын болады.

Қазір оқып жатыр

Трамп жақын арада Макронның Франция президенті қызметінен кететінін айтты

Қазақстанда 20-дан астам заңға өзгеріс енгізілмек

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген бұрынғы шенеунік көз жұмды

Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады