Алматыда қар көшкіні болды
Алматы тауларында қар көшкіні болды.
Алматы, NEGE. Алматы қалалық тқтенше жағдайлар департаментінің мәліметі сәйкес, бүгін сағат 10: 43-те Қотырбұлақ өзенінің бассейнінде жауын-шашынның түсуіне байланысты № 15 көшкін жинағында өздігінен қар көшкіні болды. Түскен қар массасы «Пионер» тау шаңғысы отбасылық курортының арқанды жолына дейін жетті.
«Қазселденқорғау» ММ Алматы қаласы бойынша ұсынысы бойынша кешенде орнатылған арқанды жолының жұмысы 15 наурыздан бастап тоқтатылған болатын. Қонақ үйде келушілер жоқ. Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Көшкіннің көлемін нақтылау үшін Қазселденқорғау қызметкерлері оқиға орнына жіберілді», – деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар жамылғысы қалың және тұрақсыз болғандықтан 25-28 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.