Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде жаралыларды емдеген дәрігерлер марапатталды

Алматыда Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы қалалық аурухана дәрігерлерін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы. NEGE. Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы тергеу изоляторына жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың көптеп жеткізілгені белгілі. Олардың арасында жарақат алғандар көп болды. Сол кезде тергеу изоляторының дәрігерлеріне Алматы қаласындағы ауруханалардың білікті дәрігерлері көмекке келді.

«Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы жаралы күдіктілерді тексеру мен емдеу ісіне белсене араласқан № 4 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлеріне Алғыс хат тапсырып, ризашылықтарын білдірді», – деді ЛА-155/18 мекемесі бастығының орынбасары М.Кәкімжанов.

Атап айтар болсақ, жоғары дәрежелі дәрігер-хирург, PhD дәрігер Айдар Раимханов, дәрігер-хирург Сұнғат Өтеген, травматолог-ортопед Еркебұлан Әбілда, медицина қызметкерлері Ринат Азизов пен Юрий Лотош сый-марапатқа ие болды.

Қазір оқып жатыр

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

Ақтөбе облысында төбелес кезінде 17 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты

«ЦОН-дардағы» парақорлықты мемлекеттік корпорацияның өзі анықтаған

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Бозымбаев