Алматыда қанша адам жұмыспен қамтылды?

Алматыда жыл басынан бері мемлекеттік бағдарлама аясында 20 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды.

Алматы, NEGE. «Бүгінгі таңда жұмыспен қамту орталығына 33,2 мың адам жүгінді, олардың 10,9 мыңы жұмыссыз мәртебесін алды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл басынан бері 21,4 мың адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 16,3 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 7,2 мың адам қамтылды. Тағы 5 мың тұрғын уақытша жұмысқа кірді», – деп хабарлады Алматы қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасы.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға, жеке бизнес ашуға немесе қолданыста кәсіпті кеңейтуге 555 мың теңгеге дейін гранттар қарастырылған. Бүгінгі күні 706 адам 392,3 млн теңгеге грант алды. Еңбек министрлігі қысқа мерзімді кәсіптік оқуларын өткізу үшін сұранысқа ие 100 мамандықты бекітті.

«Жұмыспен қамту орталығы карантин шараларын ескере отырып, қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру, онлайн сабақтар өткізу мүмкіндігі туралы мәселені шешуде. Қазір 27 оқу орталығында 42 кәсіп бойынша жұмыс берушілерден өтініштер келіп түсті», – деп атап өтті басқармадағылар.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы» бойынша 103,9 млрд теңгеге 216 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында жұмыссыз жастарға басымдық беріледі. Барлығы 26 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарда.

Бүгінгі таңда аталған жоба аясында 14,3 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 7235 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы орналасты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды