15 августа 2022 г. 13:15

Алматыда қалалық сот ғимараты қоршауға алынды

Фото:

Алматыдағы қалалық сот ғимараты қоршауға алынды. Осы жағдайға байланысты сот отырыстары кейінге шегерілді.

Алматы, NEGE. «Бүгін Алматы қалалық соты кіріс кеңсесінің поштасына түрлі сипаттағы қоқан-лоққы жазылған хабарлама келіп түсті. Осыған байланысты қазіргі уақытта сот ғимараты тексеріліп жатыр. Сондықтан, сот процестері кейінге шегерілді», - делінген қалалық соттың мәлімдемесінде. 

Қоршауға алынған сот ғимаратынан қазіргі уақытта судьялар мен сот қызметкерлері эвакуацияланды.

Тегтер: