Алматыда қалааралық автобустар қатынай бастайды

Алматыдағы «Сайран» халықаралық автобекеті бесінші маусымнан қалааралық, облысаралық жолаушылар тасымалын бастайды.

Алматы, NEGE. Автобекетте бұрынғыдай емес, аяқ жүрісі азайған. 19 наурыздан бері жабық тұрған "Сайран" автобекеті 1 маусымнан жұмысын бастады. Әзірге Алматы маңындағы Қаскелең, Қапшағай қаласы, Ұзынағаш, Қарғалы ауылдарына ғана автобус қатынап жатыр. Өзге облыстардан келетін автобустарды бесінші маусымнан бастап қабылдайды.

Мұнда да санитарлық талап сақталады. Вокзалға маскасыз кіруге болмайды. Міндетті түрде температура тексеріледі. Күту залындағы орындықтардың арасы алыстатылған. Алматыдағы жалғыз бекеттен Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия және Ресейге автобустар жүріп келді. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты