Алматыда ірі есірткі зертханасы анықталды

Алматыда жасырын ірі есірткі зертханасы анықталып, жойылды, - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. "Операция барысында "Альфа-PVP" синтетикалық есірткісін қолдан жасау және интернет-ресурсы арқылы Алматы қаласы және ҚР басқа да өңірлеріне сатуды ұйымдастырған екі азамат ұсталды. Қабылданған шара нәтижесінде, 2022 жылғы 29 маусымында Алматы қаласы мен қала маңайында шамамен 16 келі "Альфа-PVP", кристалдану сатысындағы 15 келі есірткі, 5 тоннадан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді", - делінген хабарламада.

Қолға түскен есірткі заттарының "қара нарықтағы" құны жарты миллиард теңгеден асады.