Алматыда «Инватакси» жобасы іске қосылды
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдардың жүріп-тұруына ыңғайлы болуы үшін «Инватакси» жобасы іске қосылды. Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен және Еңбек министрлігінің қолдауымен «Яндекс.такси» агрегаторы арқылы инватакси қызметтерін ұсына бастады.
Алматы, NEGE. Бұл жоба биылғы жылдың қыркүйегіне дейін екі ай ішінде пилоттық режимде іске асырылған еді.
Мүгедектігі бар адамдар «Яндекс такси» қосымшасы арқылы көлікке тапсырыс бере алады. Әзірге жол трафигіне және ауа райына байланысты кейбір шектеулер қойылған.
Қызметті 2000 адам қолдана алады, олардың ішінде 800 бала бар. Қызметтің сапасын арттыру және барынша көп адамды қамту мақсатында «Инватаксидің» 4 қызметімен келісім жасалып, автокөліктердің саны 64-тен 100-ге артты.