Алматыда хостел өртенді: 13 адам қаза тапты

30 қараша күні сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.

Алматы, NEGE. Бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келді. Өрт Әди Шәріпов көшесіндегі бірінші қабаты мен жертөлесі хостелге айналған тұрғын үйде болған.

«Келген бойда 1 қабаты және жертөлесі жатақханаға айналған 3 қабатты тұрғын үйдің жанып жатқаны анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр. Өрт 06:22-де жойылды», - делінген хабарламада.

Өрт сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр.

Олар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

«Аяқкиім мен сөмке сатып алып берген»: Ақтөбе облысында шекара бөлімшесінің бастығы сотталды