Алматыда Хмельницкий көшесі Талғар тас жолына дейін ұзарады
Қайрат ықшам ауданы тұрғындарының өтініші бойынша Сұлушаш, Көрімдік, Сыбызғы көшелеріндегі жолдар жөнделді. 2,5 шақырым жолға асфальт төселген.
Алматы, NEGE. Ауданда ұзындығы 9 шақырымдық 17 көше жөнделіп, 89 көше кезекті жөндеуден өтті.
Ұзындығы 9 шақырым болатын 11 көшеге тротуарлар салынып, жөнделді.
Б.Хмельницкий, Е. Бекмаханов, Сүйінбай және Лавренев көшелерінде 11 реттелетін бағдаршам және Сейфуллин даңғылында, Шемякин, Папанин және Жұмабаев көшелерінде 5 бағдаршам іске қосылды.
Әлмерек, Нұршашқан ш.а. және ауданның 23 көшесіне 27 жаңа аялдама орнатылды.
Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін №215 маршрут Жас Қанаттан Шуақты ш.а. дейін ұзартылды. Автобустардың рейске шығу саны 5-тен 7-ге дейін көбейтілді. Бұған қоса, №8, 36, 69, 138 сынды 4 бағыттың 39 автобусы жаңартылды.
2023 жылдың соңына дейін Б. Хмельницкий көшесін Талғар тас жолына дейін ұзарту үшін ЖСҚ әзірленеді. Құрылыс 2024-2025 жылдары жүргізіледі