Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы қалай іске асырылады?
Ауланы жөндеу, ойын алаңындағы бос жер, қараусыз қалған аумақта сквер салу. «Халық қатысатын бюджет» жобасының арқасында тұрғындардың іске асқан идеясының бір шоғыры осы, деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Алматы, NEGE. Ұсыныстарыңызды budget.open-almaty.kz сайтына жіберіңіз. Өтінім 2023 жылдың 30 наурызына дейін қабылданады.
Жоба ұсынып, қалаңызды жақсартуға ат салыса аласыз.
Бұған дейін Алматыда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша антивандалды орындықтар орнатылған болатын.
Алматыда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында түрлі жоба қолға алынған. Қағида тым қарапайым: бюджет қаржысына тұрғындар қаланы жақсартуға қатысты үздік идеяларды іске асыруды ұсынады.
«Өткен жылы Оқушылар сарайының жанындағы скверді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары аяқталды. Мемлекеттік музейдің жанындағы скверді реконструкциялау жұмыстары жалғасуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылдың сәуір айының соңына дейін аяқталады», - деді қала басшысы.
2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 19 жоба іске асырылды, сонымен қоса 20 аула мен Кіші Алматы өзенінің жағалауы абаттандырылды.
Биыл осы бағдарлама бойынша 30 жоба, оның ішінде аула аумақтарын жөндеу, қоғамдық орындарды абаттандыру және қазып орнатылатын контейнерлерді салу жобалары іске асырылады.
Көптеген ұсыныстың ішінен алматылықтар Дмитрий Белкиннің ауланы абаттандыру және саябақ құру жобасын таңдады. Бос жердің орнына ойын алаңы, гүлзар орнатылып, төрт метрлік шырша мен 20-дан астам тал егілді.
Дәстүрлі көгалдың орнына экологиялық тұрғыдан таза беде отырғызды. Орындықтар мен қоқыс жәшігі қайта өңделген материал – пластик пен құмнан жасалған. Барлығы сегіз орындық орнатылды: төртеуі алаңда және екі ойын алаңында екі-екіден қойылған.
Жобаға қатысушылардың ыңғайлылығы үшін порталда "Дауыс беру" бөлімінде онлайн-дауыс беру қолжетімді, онда Сізге өзіңізге ұнаған 3-тен аспайтын жобалық ұсыныстарды таңдап, ЭЦҚ немесе ЖСН (SMS-код) көмегімен өз дауысыңызды растауға болады. Келесі кезеңде аудан әкімдігі дауыс беру қорытындыларының хаттамасын қалыптастырып, порталда орналастырады, онда жіберілген жобалардың саны және әрбір жоба бойынша дауыс берген азаматтардың саны туралы толық ақпаратты көрсетеді. Осыдан кейін бюджеттік заңнамаға сәйкес жобалық ұсыныстарды іске асыру бойынша бюджеттік өтінімдер қалыптастырылады.
Аудандық әкімдіктер жобалық ұсыныстарды іске асыру барысы және қорытындылары туралы ақпаратты budget.open-almaty.kz порталындағы "Жобалар бойынша материалдар" бөлімінде орналастырады.
"Халық қатысатын бюджет" бойынша консультацияны Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінен, сондай-ақ Алматы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесінен 224 39 29 (ішкі.203), 1308 алуға болады.