Алматыда халық әртісі Ескендір Хасанғалиевке ескерткіш тақта орнатылды

Алматыда Қазақстанның халық әртісі, әнші-сазгер Ескендір Хасанғалиевтің құрметіне арналған мемориалдық-ескірткіш тақта ашылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Алматы, NEGE. Белгілі әнші ұзақ жыл бойы Байсейітов көшесіндегі №42 үйде тұрды. Берекелі шаңырақта ұрпағын өсіріп, өнерін өрістетті. "Ескірмеген махаббат", "Айналайын", "Асыл жар" сында лирикалық әндерін осы жерде жазды. 

Сазгерді еске алуға арналған іс-шараға замандастары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер адамдары мен ет-жақындары жиналды. Қазақ өнерінің дамуы жолында, ерен еңбек сіңірген Ескендір Хасанғалиев 200-ден астам әннің авторы. 

Оның "Атамекен", "Әдемі ау" атты туындылары халық арасында кең тараған. Сазгер былтыр 81 жасында өмірден өтті. Артында мәңгі өшпес, мол мұра қалдырды.

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті