Алматыда гидравликалық сынақ кезінде құбыр жарылды

Алматыда гидравликалық сынақ шарасы кезінде жылу құбыры жарылды.

Алматы, NEGE.  «Медеу ауданындағы Достық даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында жылу жүйелерін гидравликалық сынау кезінде жердің бетіне ыстық су шықты. Ол адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жоқ»,- деп хабарлады «Алматы жылу желісі» ЖШС.

Айта кетейік, жылу желісі бүгін таңғы сағат 6-лар шамасында жарылды. Оның температурасы 65 градустан асқан жоқ. Инженерлік-техникалық жұмысшылар жағдайды дер кезінде бақылауға алды.

«Жарылған құбырдың диаметрі 200 мм. Тозығы жеткен құбыр 1988 жылы төселген. Қазір мамандар істен шыққан жылу желісін ауыстырып жатыр»,- деп атап өтті компаниядағылар. Бұған дейін «Алматы жылу желісі» кəсіпорны қаладағы құбырлардың гидравликалық сынаққа алынатынын хабарлаған болатын.

Гидравликалық сынақ қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілерінің жағдайын бағалау және құбырлардың проблемалық учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Оралда полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қыз зорлады деген күдікке ілінді

Қазақстаннан шыққан жас актриса Голливудты бағындыруда

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды