Алматыда есірткі таратты деген күдікпен полиция майоры ұсталды
Алматыда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан полиция майорының ұсталғаны туралы ақпарат расталды.
Алматы, NEGE. Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Алматыда Іле аудандық полиция бөлімінің полицейі ұсталды.
"ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінде осы есірткі тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді", – делінген хабарламада.
Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Бұрын ол 10 келі Alpha-PVP (тұз) сатқан. Тұз бен мефедронның айырмашылығы - ол эйфория сезімін тудырып, тәбетті толығымен төмендетеді. Сол себепті оны қолданғандар қатты арықтап, тәуелді бола бастайды.
Есірткі саудасымен айналысқан полицейді ҰҚК қызметкерлері Алматы облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп ұстаған.