22 мая 2023 г. 18:43

Алматыда ер адамның танымайтын әйелді ұрған сәті видеоға түсіп қалған

Фото:

Әлеуметтік желіде бейтаныс ер адамның әйелге шабуыл жасап, ұрған сәтінен бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлар жарияланды.

Алматы, NEGE. Онда ер адам әйелді бетінен бір ұрып құлатады.

«Әуезов аудандық полиция бөліміне Алматы қаласының тұрғыны арызданған. Әйелдің айтуынша, 1992 жылы туылған бейтаныс азамат оны еш себепсіз ұрған.

Бұл факт тіркелді. Жәбірленушінің алған дене жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Тегтер: