Алматыда ер адам өзінің туған қыздарын зорлап келген
Алматыда ер адам өзінің туған қыздарын зорлап келген. Бұл туралы Немолчиkz қоры хабарлады.
Алматы, NEGE. 2003 және 2009 жылғы қыздар әкелерінен зорлық көріп келген.
«Әкесі 2009 жылы дүниеге келген кіші қызын алғаш рет 2020 жылдың 21 қыркүйегінде зорлаған, кейін тағы екі рет зорлық жасайды. Үлкен қызы 2003 жылы дүниеге келген, ол алғаш рет әкесінің зорлығынан 2015 жылы 12 жасында зардап шеккен, сонымен қатар әкесі оған бірнеше рет зорлық көрсеткен», - деді Дина Таңсәрі.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс Алатау аудандық полиция басқармасында тіркелген.
«Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 120-бабы, 4-бөлігі және ҚР ҚК-нің 124-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеліп, тексеріле бастады. Қазіргі уақытта толықтық, кешенділік және объективтілік қағидаттарына сәйкес жедел және тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды», - деп хабарлады ведомстводан.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге мәліметтер жарияланбады.