Алматыда ер адам көпірден секіріп өлді

Алматыда ер адам жаяу жүргіншілерге арналған көпірден секіріп, мерт болды.

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, бүгін, 17 қыркүйек күні, сағат 13:00 шамасында полицияның жедел басқару орталығына Сүйінбай даңғылында орналасқан жаяу жүргіншілер көпірінен ер адамның секіріп кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

«Суицид жасаған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта қайтыс болған адамның жеке басы анықталуда. Жетісу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады»,– деп хабарлады полициядан.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты