Алматыда ер адам автобус жолаушыларын пышақпен қорқытқан (видео)

Алматыда белгісіз ер адам автобус жолаушыларын пышақпен қорқытқан.

Алматы, NEGE. Оқиға Алматыда №135 автобуста болған. Аталмыш жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Ер адам автобус ішіндегі басқа жолаушымен төбелесіп, пышағын алып шығып, адамдарды қорқыта бастаған. Шошынған автобус жолаушылары жүргізушіден есікті ашуын сұраған. 

Аялдамаға келгенде ер адам қоғамдық көліктен түсіп қалған.

Ал полиция автобуста шу шығарған ер адамның психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғанын мәлімдеді.