Алматыда электрлі самокатқа тыйым салынған аймақтар анықталды
Алматы әкімдігі кикшерингтік компаниялармен бірлесіп жалға берілетін электрлі самокаттардың қозғалысына шектеулер енгізді.
Алматы, NEGE. Бұл жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі мен қала тұрғындарының жайлылығы үшін қолға алынған. Оңтүстік, 28 панфиловшылар, Орталық мәдениет және демалыс және Тұңғыш Президент саябағында қозғалысқа тыйым салынады.
Солтүстік және ҚБТУ алдында скверде, Ботаникалық бақта, Арбаттың жаяу жүргіншілер аймағында (Жібек жолы даңғылының бойымен Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін) және Терренқұрда электрлі самокатпен жүруге болмайды. Бұған қоса, қалада 10 км/сағ жылдамдықтан асыруға болмайтын аймақтар пайда болды. Бұл Панфилов көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағы және Желтоқсан мен Чайковский көшелерінің арасындағы Мақатаев көшесіндегі сквер. Осы орайда, аталған аумақтар мен Төлебаев көшесінде электрлі самокатты қоюға тыйым салынады.
Тыйым салынған жерлердегі шектеулер мен жылдамдықты электр самокаттарды жалға беруші сервис реттейді.