Алматыда электр қуаты толық қалпына келтірілді

Алматыда электр қуаты толық қалпына келтірілді. Бұл туралы 'Алатау Жарық компаниясы' АҚ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы. NEGE. "Алатау Жарық компаниясы" АҚ "Солтүстік-Оңтүстік" жоғары вольтты электр тарату желісінде болған апаттық жағдай салдарынан электр қуатынан ажыратылған Алматы қаласының тұтынушыларын электрмен жабдықтауды толық көлемде қалпына келтірді. Ағымдағы тәуліктің 13 сағат 53 минутында барлық ажыратылған абоненттерге электр энергиясы берілді", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, апат кезінде мегаполистің барлық әкімшілік ауданы бойынша барлығы 92 мыңнан астам тұтынушы, оның ішінде 88,5 мыңға жуығы – тұрғын үйлер мен пәтерлер электр қуатынан ажыратылған.