Алматыда екі мыңға жуық адам карантин бұзды

Жалпы, карантин енгізілгеннен бастап, сотпен төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 1 мың 965 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 577 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, 1 мың 54 адамға айыппұл салынды, 334 адамға ескерту жасалды.

Алматы, NEGE.  «Көрсетілген санның ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы 6 бөлімі -

 көшеде негізсіз жүргені үшін 1 мың 561 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 401-і қамауға алынды, 870 адамға айыппұл салынды, тағы 290 адамға ескерту жасалды.  ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы 1 бөлімі - бақылау-өткізу пунктерін айналып өтіп, қаланың кіру тәртібін бұзғаны үшін  397 адам әкімшілік жауапкершіліккетартылды, олардың 169-ы қамауға алынды, 184-іне айыппұл салынды, 44 адамға ескерту берілді.  Қалада орнатылған 41 тосқауыл бекеттерінде 54 мыңнан астам көлік тексерілді.  Өткен тәулік ішінде 34 жүргізуші қала бойынша заңсыз жүргені үшін ұсталды, оның 30-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 4 жүргізушіге қатаң ескерту жасалды », - деді, Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Алматыдағы жол апаты: қала әкімі бір аптадан кейін көңіл айтып, полицияға тапсырма берді