Алматыда екі адам жазылып шықты
Алматыда қауіпті жұқпалы індеттен екі адам жазылып шықты, деп хабарлады BAQ.KZ coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы, NEGE. Олар 1978 жылы туған ер адам мен 23 жастағы қыз бала. Ер адам 23 наурызда Шарм-эль-Шейх қаласынан ұшып келген, ал қыз 17 наурызда Цюрих- Стамбул-Алматы рейсінің жолаушысы.
Екеуінің де ауру деңгейі жеңіл болды. Қазір олар 14 күндік үй карантинінде. Мегаполисте 28 адам емделіп жатыр.