Алматыда дөңгелектерді қайта өңдеу цехы өртенді
2023 жылғы 23 тамызда таңғы сағат 07:13-те Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Түрксіб ауданы, Іле трактісі, 15 мекенжайы бойынша жіберілді, деп хабарлады ТЖМ.
Алматы, NEGE. Алғашқы бөлімше 7 минутта келген сәтте автошиналарды қайта өңдеу цехының ғимаратынан қатты түтін басып, 200 шаршы метр аумақты шарпыған өрт пайдаланылған автошиналарды қайта өңдеу қалдықтарының ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.
Көршілес тұрған оттегі станциясы бар ғимаратқа өрттің таралу қаупі туындады. Жанып тұрған қараңғы қоймадан газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары кез-келген минутта жарылуы мүмкін болған жалпы көлемі 100 л екі оттегі баллонын эвакуациялады.
Өрт сағат 08.07-де оқшауланып, сағат 08.25-те сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қабылданған шаралардың арқасында цехтағы жабдықтар, «TGB GROUP» ЖШС ғимараты оттан қорғалды, сондай-ақ өрт жаңа автошиналарға таралуына жол берілмеді.
Өрттің себебі анықталып жатыр. Қазіргі таңда су төгу және үйінділерді жинақтау жұмыстары жүргізілуде.