Алматыда діни бірлестіктердің саны 10 есе өскен

Алматыда Рухани келісім күні аясында ғылыми-практикалық форум өтті.

Алматы, NEGE. Форумның міндеті – діндер диалогы мен рухани даму саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, діни қауымдастықтар арасындағы өзара құрметті нығайту, сондай-ақ бейбітшілік пен зорлық-зомбылықсыз мәдениетті нығайту бойынша ұсыныстар әзірлеу. 

Форумға сарапшылар, теологтар, дінбасылар мен көшбасшылар, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ басқа өңірлердің уәкілетті органдарының өкілдері қатысты. Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулы Евгений Бобров форум барысында Рухани келісім күнінің берер игілігін тілге тиек етті. «Бүгінгі мереке – мейірімділік пен халық бірлігін ұлықтайтын күн. Рухани келісім – Қазақстанның игілігі болғандықтан, оны мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың, оқу орындары мен дін қайраткерлерінің өзара іс-қимылы арқылы қолдап, сақтау қажет», - деді Евгений Бобров. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан да өз пікірімен бөлісіп, қала әкімдігі ұйымдастырған конференцияның маңыздылығын атап өтті. Алматы қаласы мен Алматы облысындағы Евангелиялық христиан-баптистер шіркеулерінің аға пресвитері Алексей Лубошников та барлығын Рухани келісім күнімен құттықтады. «Міне, 30 жыл бойы бүкіл Қазақстан осы мерекені атап өтуде. Келісім – бейбітшілік пен бақ-берекенің негізі. Біз осындай көпұлтты және көпконфессиялы мемлекетте өмір сүріп жатқанымызға қуанамыз. Өзіңіз ойланыңызшы, тек Алматыда 17 конфессия бар, олардың барлығы өзара келісім мен достықта өмір сүруде», – дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды