14 февраля 2020 г. 17:00

Алматыда деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Фото:

Ермек Тұрсыновтың киноклубында режиссер Бану Рамазанованың «Кедергілерді жеңу» атты деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

Алматы, NEGE. Шараға фильмнің режиссері және сценаристі Бану Рамазанова мен түсірілім тобы, басты кейіпкерлер, спорт шеберіне кандидат Чингиз Маликаждар, халықаралық спорт шеберлері Александр Тишков пен Нұрила Тұрысбекова, сондай-ақ «Қазақфильм» киностудиясы әкімшілігінің өкілдері қатысты. «Кедергілерді жеңу» фильмі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Ата-баба мұрасы» бойынша түсірілген.

Фильмде Кеңес Одағындағы ат спортының аңызына айналған, Жамбыл облысы, Луговское фермасында дүниеге келген Ақалтеке айғыры - Абсент туралы баяндалады.

«Ерте заманнан бері қазақтар шабандоз болған. Халқымыз әрдайым жылқыларды қастерлеген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасын да, шаңырақтың екі жағында екі пырақтың тұруы кездейсоқ емес. Абсенттің жетістігін қайталау, әрине оңай емес, бірақ өзіңізге дұрыс мақсат қойсаңыз, кез-келген биіктерге жетуге болады. Мәселен, түсірілім басында фильмнің кейіпкерлерінің бірі Нұрила Тұрысбекова ат спортының халықаралық шебері болғысы келетінін мәлімдеді. Оның тілегі мен табандылығы бұл арманын фильмдегі жұмысымыз аяқталғанша жүзеге асыруға мүмкіндік берді», - дейді фильмнің режиссері Бану Рамазанова.

Айта кетейік, деректі фильм Алматы облысында, «Дегерес» ауылының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған ат жарысы кезінде таспаланған. Сонымен қатар, түсірілім Тараз, Шымкент, Ташкентте, сондай-ақ  «Свердлов облысы губернаторының кубогы» үшін ұйымдастырылған Бүкілресейлік жарыстар мен халықаралық және муниципалды ат жарыстары өткен Екатеринбург қаласында түсірілді.

 

Тегтер: