Алматыда Денис Теннің ескерткішін бүлдірген тұрғын ұсталды
Полицейлер Алматыдағы Денис Тен ескерткішін қорлады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Ол ескерткіштің қабырғасына жазба қалдырып, өзінің аты-жөні мен телефон нөмірін ойып жазған.
Полицияның хабарлауынша, ескерткішті бүлдірген адам психоневрологиялық есепте тұрады.
"Қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Ұсталған адам Психикалық сауықтыру орталығына орналастырылды", – деп атап өтті қалалық полиция департаменті.