Алматыда демалыс күндері Медеу мен Шымбұлаққа жол жабық
Алматы қаласының әкімдігі бұл шешім коронавирус жұқтырған науқастардың санын азайту мақсатында қабылданғанын хабарлады.
Алматы, NEGE. Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің нұсқауымен 17 шілдеден бастап демалыс күндері сенбі күні 07.00-ден дүйсенбінің 07.00-не дейін адамдар мен көліктің барлық түрі үшін ұлттық табиғат парктеріне (Медеу, Шымбұлақ, Алма-арасан) апаратын жолдар жабылады. Тек осы аудан тұрғындарының жүріп-тұруына рұқсат етіледі.