Алматыда демалыс күндері көшелер жабылады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев демалыс күндері жаяу жүргіншілерге арналған аумақты дайындау үшін қай көшелерді жабатынын айтты.

Алматы, NEGE. «Уақытша жаяу жүргіншілер аймағын құру үшін демалыс күндері бірқатар көшені жабуды сарапшылармен талқыладық. Бірінші кезеңде Қабанбай батыр — Гоголь — Назарбаев — Абылай хан даңғылындағы шаршы аймақ ұсынылды. Жұмысты қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғаннан кейін бастаймыз», - деп хабарлады Сағынтаев Twitter парақшасында.

Еске салсақ, 29 мамырда белгілі болғандай, Алматыда кейбір автомобиль жолдарын демалыс күндері толығымен жаяу жүргіншілерге арнау жоспарлануда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда зейнетақы тағайындау жеңілдеді

Атырауда мектеп маңында 1-сынып оқушысын көлік қағып кетті

Қазақстанда күн күрт суытады

Футбол федерациясы «Ордабасы» – «Атырау» кездесуіндегі төрешілер қателігін мойындады