Алматыда демалыс күндері қоғамдық көліктер жүре ме?

Алматының мобильділік басқармасы демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейтінін айтты.

Алматы, NEGE. Алматының мобильділік басқармасы өкілі қала тұрғындарының қоғамдық көлік жұмысына қатысты қойып жатқан сұрағына қаладағы автобустар, троллейбустар, метро штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлады.

Айта кетейік, 14 шілдеде премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанның төрт өңірінде карантинді күшейтуді тапсырды. Демалыс күндері Ashyq-қа қатысатынына қарамастан, қоғамдық көліктің, сауда үйлері мен ХҚКО-лардың, Қазпошта бөлімшелерінің, діни нысандар мен басқа да қызмет орындарының жұмысына тыйым салынатыны айтылған.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?

Астанадағы LRT алдағы демалыс күндері іске қосылады