Алматыда дабыл қағылады

Бүгін, 25 ақпанда Алматыда ТЖД өкілдері сағат 12.55-те қала бойынша ескерту жүйесінің техникалық дайындығын тексереді.

Алматы, NEGE. Тексеру кезінде "Назар аударыңыздар!" деген бірыңғай ескерту дабылы электр дыбысы арқылы қосылып, телеарна мен радиоларға автомат түрде хабар келеді.

Осыған байланысты департамент өкілдері Алматы тұрғындары мен қонақтарын алаңдамауға шақырды.

Дабыл қосылған кезде үйде болсаңыз:

  • радио және теледидарды қосыңыз;
  • шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
  • берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Дабыл қосылған кезде көшеде болсаңыз:

  • көшедегі дабыл дыбысы мен жылжымалы құралдар арқылы берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
  • хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді