Алматыда COVID-19-ға қарсы екпе салудың екінші кезеңі өтіп жатыр

Осы уақытқа дейін қалаға 10 800 доза жеткізілген.

Алматы, NEGE. Екінші кезеңде вакцинаны ковид жұқтырған науқастармен тікелей жұмыс жасайтын дәрігерлер алады. Ал ақпан айында екпе салдырған адамдарға қазір ревакцинация жасалып жатыр. Бұл 12 наурызда аяқталады. Вакцина 39 емханада салынады. Енді қалада полиция қызметкерлері мен мұғалімдерге екпе салу жоспарланып отыр.  

Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали: "Бірінші кезең сәтті аяқталды. Денсfулықтарына байланысты вакцинадан шеттетілген адамдарға кейін дәрігерлердің рұқсатымен екпе салынды. Үш қызметкер ғана өз еркімен екпе қабылдаудан бас тартты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа шалдыққандарға да екпе егуге кеңес береді", – деді. 

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті