Алматыда бұршақ пен нөсер жауын болады
Синоптиктер 14 мамырда Алматыда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтілетінін жариялады.
Алматы, NEGE."Батыстан жел соғып, найзағай кезінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, жауын-шашын кезінде ғимараттар мен үй-жайлардан мүмкіндігіңізше шықпаңыз! Көліктерді ағаштардың астында қалдырмаңыз!", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, синоптиктер бұршақ түседі деп болжайды.
Ауа температурасы түнде 13 15°С, күндіз 20 22°С.
Алматы қаласының төтенше қызметі туристерден тауға бару жоспарын кейінге қалдыра тұруды сұрайды.