Алматыда бүгін күні бойы жаңбыр жауады: 46 патрульдік бригада кезекшілікке шықты

Синоптиктердің болжамынша, Алматыда бүгін жаңбыр күні бойы жауады, деп хабарлады Алматы әкімдігі.

 

Алматы, NEGE. Жаңбырдың тоқтаусыз жаууына байланысты таңғы 8-ден бастап 46 патрульдік бригада кезекшілікке шығады. Су тасқынының алдын алу үшін 165 бірлік арнайы техника, 26 мотопомпа және 836 жұмысшы жұмылдырылды. 1825 қап құм дайындалды.

Алматыдағы «Қазгидромет» РМК сіркіреп жаңбыр жауады деп болжайды, ақ таңнан сағат 14:00-ге дейін жел тұрып, екпіні 13 м/с дейін жетеді.

Жауын-шашын 23 қыркүйекке қараған түні тоқтайды деген болжам жасады. Күндіз ауа температурасы 12... 14 градус.