Алматыда Болат Аюхановты соңғы сапарға шығарып салды

15 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының ғимаратында Қазақ КСР-нің халық әртісі Болат Аюхановпен қоштасу рәсімі өтті. Көрнекті өнер иесін соңғы сапарға шығарып салуға оның туыстары, әріптестері мен шәкірттері келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. 13 желтоқсанда 85 жасқа қараған шағында көркемдік жетекші, Қазақ КСР халық әртісі Болат Ғазизұлы Аюханов дүниеден өтті.

Алматылықтар мен қала қонақтары Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театрының ғимаратында қазақ балетінің мэтрын соңғы сапарға шығарып салу үшін жиналды. Себебі көрнекті ұстаз өмірінің саналы бөлігін осында еңбек етті.

Қоштасу шарасына Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театрының директоры Нұрбақыт Бөкебаев, оның орынбасары Қанат Қаражанов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, балет труппасы, басқа да әртістер қатысты. Алматы театрлары, әріптестері, сондай-ақ сахна корифейлерімен бірге Болат Ғазизұлының жанкүйерлері қоштасты.

Әртіспен қоштасу рәсімін Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының директоры Нұрбақыт Бөкебаев ашты. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Болат Ғазизұлының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын оқып, көңіл айтты.

Қазір оқып жатыр

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады