Алматыда бизнес-орталық өртеніп жатыр

Алматыда зәулім бизнес орталық ғимаратынан өрт шықты.

Алматы, NEGE. Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеоны әлеуметтік желіге жүктеген.

Бейнежазбада өрт «Кәусар» тұрғын үй кешенінде, «Сайран» автобекетінің маңында орналасқаны айтылады.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

«28 желтоқсан күні 12 сағат 27 минутта өрт сөндірушілер Алмалы ауданы Төле би көшесі 286/4 мекенжайында шыққан өртке жіберілді. 6 минуттың ішінде келгенде, төрт қабатты ғимараттың үшінші қабатындағы кеңсенің жанып жатқанын анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің тобы адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді, өрт ошағында қалған адам жоқ болып шықты. Өрт сөндірушілер 30 шаршы метрді шарпыған жалынды 15 минуттың ішінде (12:48-де) сөндірді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,- деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінен.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?