21 октября 2022 г. 15:31

Алматыда Бішкекке ұшқан жолаушының қолындағы Power Bank өртеніп кетті (видео)

Фото:

19 қазанда Алматы халықаралық әуежайының ұшу залында тексеру барысында Air Astana әуекомпаниясының "Алматы-Бішкек" рейсімен ұшып бара жатқан жолаушылардың бірінің телефон қуаттағыш құрылғысы (Power Bank) жанып кеткен.

Алматы, NEGE. Аталмыш сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Қазақстанның Авиация әкімшілігі багажды, әсіресе телефон қуаттағыш Power Bank-ті қалай алып жүру керектігі жөнінде арнайы нұсқаулық жариялады. 

- қосымша батареялар, соның ішінде Power Bank, қол сөмкеңізде болуы керек;

-  әр батарея жеке пластик пакетте, қорғаныш қапта болуы керек;

- егер литий батареялары жүк ретінде тасымалданатын болса, олар техникалық нұсқаулыққа сәйкес тиісті түрде таңбалануы және қапталуы тиіс. 

Тегтер: