Алматыда бірнеше күн ауа райы тұрақсыз болады
Алматыда алдағы күндері найзағай мен бұршақ болады. Жалпы, ауа райы 9 маусымға дейін тұрақсыз. Бұл туралы "Қазгидромет" синоптиктері мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан, NEGE. 5 маусымда найзағай соғады, ал 6 және 7 маусымда қалада бұршақ жаууы мүмкін.
"Алдағы аптада қалада тұрақсыз ауа райы сақталады. Тек 9-10 маусымда ауа райы жауын-шашынсыз. Қалған күндері күннің бірінші жартысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. 6,7,8,11 маусымда күннің екінші жартысында жаңбыр жауады", - деді Қазгидрометтің Алматыдағы бөлімінің жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаев.
Алматының таулы аудандарында да найзағай, бұршақ, жаңбыр және қатты жел күтіледі. Кейбір шатқалда желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін.
"Қазгидромет" мәліметінше, ауа температурасы 5-11 маусым аралығында күндіз 28... 33 градус болады, түнде 15... 22.
Еске салайық, 4 маусымда Алматыда қатты желден ағаштар құлаған болатын. Тұрғындарға электр желілерінен аулақ болуды және мүмкіндігінше үйде отыруға кеңес берілді. Қалада ауа райының тұрақсыздығына байланысты ескерту жарияланды.