Алматыда бірнеше көше жабылады

Алматыда бірнеше көше жөндеу жұмыстарына жабылады.

Алматы, NEGE. «25 сәуір күні таңғы сағат 10:00-ден түнгі сағат 22:00-ге дейін Алатау ауданындағы Жаңаарқа көшесінің бойына асфальтбетон қоспасын төсеуге байланысты Т.Рысқұлов көшесі бойымен Аршалы көшесіне дейін көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады», - деп хабарлады Алматы қалалық мобильдік басқармасынан.

Сондай-ақ, 26 сәуірде сағат 10: 00-ден 22: 00-ге дейін Алатау ауданындағы Кіші Мөңке би көшесіне асфальтбетон төсеуге байланысты Б.Момышұлы көшесінен Ә.Мәмбетов көшесіне дейін жол қозғалысы шектеледі.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды