Алматыда бір күнде 10 мыңға жуық адам вакцина алды

Алматы қаласында бір тәулікте 9 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Алматы, NEGE. «3 сәуір күні 9 975 алматылыққа коронавирусқа қарсы екпе салынды», - деп хабарлады Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. Осылайша, 2 және 3 сәуірде Алматыда 16 985 адамға вакцина егілді. Қазір қалада 56 вакцина пункті жұмыс істеп тұр.

Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада жұмыс істеп тұрған екпе пунктілерінің жұмысын тексеріп шақты. Бұған дейін Алматы әкімі қалаға ай сайын 250 мың доза вакцина бөлінетінін айтқан болатын. Сонымен қатар, сәуір айында мегаполисте 250 вакцина пункті ашылады.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін