Алматыда бір аптадан астам уақыт іздеуде болған ер адам өлі табылды

Алмытада осыдан бір аптадан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

хабарлады.

Алматы, NEGE. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жедел іздестіру іс-шаралары барысында 29 қарашада үйінен шығып кетіп, оралмаған, із-түзсіз жоғалған 1989 жылы туған Тимур Поповтың денесі табылған.

Құрылған жедел-іздестіру тобы жедел түрде марқұмның жүру бағытын анықтаған, ол таксимен Талғар қаласына барған.

 "Бүгін, 7 желтоқсанда сағат 11:00-де полиция қызметкерлері жоғалған азамат әйеліне телефон арқылы "SOS" дабылын жіберген жерден 1,5 шақырым жерде орналасқан "Талгарка" өзенінің арнасына тексеру жүргізді. Іздеу нәтижесінде судан жоғалған ер адамның денесі табылды. Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді полиция өкілдері. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталуда.

Қазір оқып жатыр

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады