Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа үкім шықты

Алматыдағы Ақбұлақ ықшам ауданында бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты сот үкім шығарды.

Алматы, NEGE. Сот 54 жастағы Дужновты екі полицей мен сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі мен куәгердің өліміне кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. 

"Дужновқа қауіпсіз мекемеде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", – деп судья Еркин Майшинов үкім шығарды.