12 апреля 2023 г. 17:00

Алматыда белгісіз біреу әйел адамның басы салынған пакетті базарға тастап кеткен

Фото:

Алматыда белгісіз ер адам қыздың басы салынған пакетті базарға алып келген. 

Алматы, NEGE. Телеграм каналдардың біріне Алматыда белгісіз ер адам қыздың басы салынған пакетті әкеліп, Шолохов көшесіндегі базардағы бутикке тастап кеткені туралы ақпарат түскен. 

Айтуларынша, сатушы әйел пакеттің ішіндегі адамның басын көріп қойған.

Бүгін сағат 08:42-де 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы полицияға хабарлама түскен. Ақпарат расталды.

Тергеу-жедел тобы оқиға орнын тексерді: әйелдің басы кесілген. Оның жеке басы анықталды: 1976 жылы туған азаматша, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Алматы полициясы басы кесілген әйелді өлтірген күдіктіні іздестіруде.

Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының талаптарына сәйкес қылмыстық істің өзге де мәліметтері жария етуге ​​жатпайды.

Тегтер: