Алматыда белгілі боксшы із-түссіз жоғалып кетті

Атақты боксшы, 64 жасқа келген бапкер Серік Нұрқазов 10 күн бұрын үйінен шығып, хабар-ошарсыз кеткен.



Алматы, NEGE. Соңғы рет бапкер 14 желтоқсанда үйінде болған. Кейін ол үйден белгісіз бағытқа шығып, қайтып оралмаған.

Айта кетсек, Серік Нұрқазов - қазақстандық боксшы, Қарағанды облысындағы әйгілі Абай бокс мектебінің алғашқы шәкірттерінің бірі, КСРО құрама командасында бокстан Еуропа чемпионаттарының алтын және қола иегері.

Спорттық мансабын аяқтаған соң ол бапкерлік қызметке ауысқан.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр